Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталы аккредиттеу кезеңін табысты еңсерді. Арнайы комиссиясының шешімімен госпитальге аккредиттеудің бірінші санаты тағайындалды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің,
сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі (18.11.2024 жылғы №170 бұйрық) негізінде
Бірінші санаты тағайындала отырып, 3 жыл мерзіміне аккредиттелген деп танылады.
Куәліктің берілген күні 18.11.2024 ж.
Тіркеу №KZ01VEG00014909
Осы куәлік денсаулық сақтау субъектісі қызметінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады.