Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен «Экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммаларын» жасау көзделгені белгілі. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығында бекітілген.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі 2024 жылғы маусымда әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар базасында мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» жобасын іске қосты.
Айта кетейік, казіргі уақытта, мемлекеттік органдардың сайттарында үш бағыт бойынша мәліметтер көрсетіледі.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазымдар тізілімі;
2) салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдаулар нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы.
Алғашқы екі бағытқа тән мәліметтерді мемлекеттік органдар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде қалыптастырады және өзектендіреді.
Агенттіктің аумақтық департаменттері әр облыстың және республикалық маңызы бар қалаларындағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» бағытын проблемалық процесстердің, әкімшілік кедергілердің болуы, заңнаманың жетілдіруі және т.б. өзекті мәселелердің тізбесі негізінде қалыптастырады.
Жоғарыда айтылған тұжырымдама негізінде Отан соғысы ардагерлерге арналған республикалық клиникалық госпиталінің сайтында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» жобасы енгізілді.