Контактілер
Контактілер

АҚПАРАТТЫҚ   ХАТ

2025 жылдың 24 қыркүйек күні Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінде қазақтың ұлы ақыны, ұстаз, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы – Алаштың алтын темірқазығы» аталатын көркемсөз-өнер байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – ардагерлер мен медицина қызметкерлерінің рухани танымын кеңейту, ұлы Абай мұраларын насихаттау, оқырман қауымының ақын шығармашылығының мазмұны мен рухани құнарына бойлауына ықпал ету;

Байқаудың міндеті – қазақтың ұлы ақыны, ұстаз, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атау, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан ерен үлесін өскелең ұрпаққа жіті таныстыру, шығармашылығы мен ақындық, адами болмысын ардагерлерге, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

Байқаудың номинациялары:

Үздік көркемсөз (Абай өлеңдерін жатқа оқу);

Үздік Абай әндерін орындаушы (Абай әндерін шырқау);

Үздік Абай ізбасары (Абай Құнанбайұлына арнау);

Іс-шара аясында байқауға қатысушы медицина саласының өкілдеріне, ардагерлер қауымына арнайы түрде бағалы сыйлықтар тағайындалады.

Жалпы ережелер

  «Абай мұрасы – Алаштың алтын темірқазығы» аталатын көркемсөз-өнер байқауына қатысушыларға  үш  орыннан  беріледі.

Бірінші орын

Екінші орын

Үшінші орын

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, көрермен ықыласына бөленген қатысушыларға Абай Құнанбайұлы таңдамалылары мен әдеби кітаптары сыйға тартылады.

Байқау нәтижелері шығармашылық сайыс үстінде шығарылады.

Байқауды Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі ұйымдастырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамасының негізінде жариялайды.

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасы құрамында ардагерлер кеңесінің төрағалары, ұлт қаһармандары, тәжірибелі медиацина мамандары, танымал журналистер, қоғам қайраткерлері болады.

Ең үздік өнерпаздар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен анықталады.

Негізгі талаптар:

 «Абай мұрасы – Алаштың алтын темірқазығы» атындағы көркемсөз-өнер байқауының жүлдегерлері дауыс мәнері, көркемсөз оқу шеберлігі, кең диапазон, ерекше суырыпсалмалығы, ақындық дарыны мен өзгеше өлең өрнегін ұсына білуі, әртістік шеберлігі сынды бірнеше санаттар бойынша анықталады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Мекенжай: Алматы қ., Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 129а

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің баспасөз-хатшысы Дастан Қастай

e-mail: rgkp_rkgiov@mail.ru

Тел. +7 705 301 8930