Контактілер
Контактілер
  • Жаңалықтар

    Соңғы медициналық жетістіктер туралы жаңа жаңартулар мен ақпарат, Сізді әрқашан жаңартып отыру үшін біздің ауруханадағы соңғы оқиғалар мен оқиғалар

  • 13 Қазан, 2025
    Қазақстандық ғалымдар донорлық ағзалардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық құрылғы жасап шығарды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық туризмді дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда айтты. Министрдің айтуынша, Қазақстан медицинасы бүгінде Орталық Азия өңірінде көш бастап тұр. Елде бірқатар заманауи медициналық технологиялар енгізілуде — соның ішінде протонды терапия, гамма-пышақ, робот-ассистенттік және […]
    Толығырақ
  • 7 Қазан, 2025
    Келер жылы тұрмысы төмен азаматтар бюджет еебінен медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Оның атап өтуінше, заң көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейтіп, сапасын арттырумен қатар бүкіл денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізеді.
    Толығырақ
  • 12 Қыркүйек, 2025

    АҚПАРАТТЫҚ   ХАТ 2025 жылдың 24 қыркүйек күні Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінде қазақтың ұлы ақыны, ұстаз, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы – Алаштың алтын темірқазығы» аталатын көркемсөз-өнер байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – ардагерлер мен медицина қызметкерлерінің рухани танымын кеңейту, ұлы Абай мұраларын насихаттау, оқырман қауымының ақын шығармашылығының мазмұны мен рухани құнарына бойлауына ықпал ету; Байқаудың міндеті – қазақтың ұлы ақыны, ұстаз, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атау, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан ерен үлесін өскелең ұрпаққа […]

    Толығырақ
  • 12 Қыркүйек, 2025
    «Ұлттық Нейрохиругиялық Орталық» АҚ-сы, медициналық аппараттармен жүйелер бөлімінің бас инженері Серік Мұратханұлымен сұхбат құрып, медицина саласының өзекті проблемаларын талқыладық.  – Армысыз, Серік аға! Кез келген мемлекет дамуының тегіршігі — жаратылыс сырын ұғып, техника тілін меңгеруге машыққан жандар екені белгілі. Әсіресе, инженерлердің еңбегі ересен. Бұл бағыт бойынша санамалап айтар болсақ, қазақ топырағында туған дегдарлар аз болмаған. Бір […]
    Толығырақ
  • 15 Тамыз, 2025
    Абайдың 180 жылдық мерейтойы мен Ата заңның 30 жылдығы аясында…   Кең тынысты ақын, ағартушы әрі қазақы жазба әдебиеттің негізін салушы Абай Құнанбаевтың өмірі – отаршылдықтан адами қалыбы жұқарып, түрлі жағымсыз қасиеттерге ие болған замандастарымен иін бойлап, иық тіресе өтті. 1889 жылы жазылған «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңінде: «Кісі алдында кірбеңдеп, Шабан, шардақ (дәрменсіз) және шау (тосырқап, тоқырап қалу). Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау?! – дейді жұмбақ Абай. Мұнысын заманға наза, қоғамға күрсініс деп топшылау орынсыз, бар кілтипан – әкімшіл-әміршіл қысымда болса керек. Кейіні: «Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза […]
    Толығырақ
  • 12 Тамыз, 2025
    Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постының жұмысын қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда келесідей полиция посттары жұмыс істейді: * қалалық стационарларда-30; * облыстық стационарларда-10; * балалар стационарларында-12; * перинаталдық орталықтарда-5; * аудандық орталық ауруханаларда-48; * аудандық ауруханаларда – 23. Посттарды ұйымдастыру оқиғаларға жедел жауап беруге, […]
    Толығырақ
  • 10 Тамыз, 2025
    Темір – энергия, мидың жұмысы, иммунитет және жалпы денсаулық тәуелді болатын маңызды микроэлементтер. Бұл ағзаға күнделікті қажет: оттегін тасымалдауға, ДНҚ синтезіне, энергия мен қалқанша безінің гормондарын өндіруге қатысады. «Темір гемоглобиннің бөлігі болып табылады – өкпеден тіндер мен ағзаларға оттегін тасымалдайтын ақуыз. Егер темір жеткіліксіз болса, жасушалар оттегінің ашығуын сезіне бастайды, ал адам әдеттегі жүктеме кезінде […]
    Толығырақ